Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялайды. Бұл шара жұмыс орнында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға көмектесу үшін жасалған.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: «Бірлесіп еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» (түпнұсқа – «Act together to build a positive safety and health culture»).
ХЕҰ «Біз денсаулық саласында әлі де жаһандық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз және еңбек саласында адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайлармен кездесеміз. Сондықтан барлық деңгейде қауіпсіздіктің жоғары мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруымыз керек» деп атап өтеді.
Еңбек қауіпсіздігінің оң мәдениеті салауатты еңбек ортасын қалыптастыруды және оны сақтауға күш салуды қамтиды. Бұл ретте әрбір тарап еңбекті қорғауды үздіксіз күшейту үдерісіне атсалысуда. Қызметкерлерге жұмыс орнындағы ықтимал қауіпсіздік қауіптері туралы өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі, ал жұмыс берушілер өзекті мәселелердің тиімді және негізделген шешімдерін әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеуге бастамашылық етуде.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеу еңбек қауіпсіздігі және жұмыскерлердің денсаулығын қорғау саласында жаһандық алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Нұр-Сұлтан» қаласының білім Басқармасы мен «Әділет» Кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Аймақтық келісімде өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіптік аурулардың алдын алуға, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға, санитарлық-гигиеналық жағдайларға бағытталған еңбек қорғау шаралары қарастырылған.