4 мамырда Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының «Ұлттық дәстүрлер / Родные традиции» көркемөнерпаздарының қалалық байқау-сайысы қорытындыланды.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанның төл өнерімен және мәдени мұрасымен таныстыру, сондай-ақ қоғамдағы педагогикалық және мәдени мәртебесін нығайту арқылы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық қырларын арттыру.
23 сәуірде Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында қатысушылар вокалды-хор жанры, хореография, театрлық жанр, вокалды-хор жанры (соло), вокалды-хор жанры (дуэт), вокалды-хор жанры (халық әні) бойынша сайысқа түскенін еске саламыз.
Байқауға «Әділет» Кәсіподағының мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар зор алғыстарын білдірді.
Іс-шара барысында байқау жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар марапатталды. Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқан қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Гала-концертті Білім басқармасының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру жүйесінің ардагерлері, «Әділет» Кәсіподағының бастауыш ұйымдарының төрағалары және тағы да басқа қонақтар тамашалады.
Байқау нәтижесіне сәйкес келесі ұйымдар марапатталды:
Вокалды-хор жанры номинациясы:
Гран-при – № 86 мектеп-гимназиясы
I орын – Ә. Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейі
II орын – С. Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназиясы
III орын – № 68 «Балбұлақ» балабақшасы
III орын - № 52 мектеп-гимназиясы
III орын – Ғ. Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназиясы
Хореография номинациясы:
II орын – № 8 мектеп-лицейі
III орын – № 38 мектеп-лицейі
Вокалды-хор жанры (соло) номинациясы:
Гран-при – № 53 мектеп-лицейі
I орын – № 31 мектеп-гимназиясы
II орын – №89 мектеп-лицейі
II орын - № 10 мектеп-гимназиясы
III орын –№ 91 мектеп-гимназиясы
III орын – № 67 мектеп-гимназиясы
III орын – № 32 «Балдаурен» балабақшасы
Вокалды-хор жанры (дуэт) номинациясы:
Гран-при – № 51 мектеп-гимназиясы
I орын – Кәсіптік-техникалық колледжі
II орын – № 37 мектеп-лицейі
III орын – № 42 орта мектебі
Вокалды-хор жанры (халық әні) номинациясы:
Гран-при – № 4 мектеп-гимназиясы
I орын – № 83 мектеп-гимназиясы
II орын – № 87 «Қадыр» балабақшасы
III орын - № 23 орта мектебі
Театрлық жанр номинациясы:
Гран-при – № 87 мектеп-гимназиясы
I орын – № 33 «Алтын дән» балабақшасы
II орын – Сервис және туризм колледжі
III орын – № 34 «Ақ бидай» балабақшасы
Алғыс хатпен марапатталушылар:
№ 2 «Батыр» балабақшасы
№ 4 «Аружан» балабақшасы
№ 16 «Шағала» балабақшасы
№ 37 «Арман» балабақшасы
№ 64 «Асыл-бөбек» арнайы балабақшасы
№ 72 «Жанарым» балабақшасы
№ 74 «Дәурен» балабақшасы
№ 15 мектеп-лицейі
№ 16 Т. Айбергенов атындағы орта мектебі
№ 18 орта мектебі
№ 21 орта мектебі
№ 28 мектеп-лицейі
№ 39 Кешкі (ауысымды) мектебі
А. Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейі
Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 орта мектебі
№ 63 мектеп-гимназия
№ 71 мектеп-лицейі
№ 72 мектеп-лицейі
№ 92 мектеп-лицейі
Құрылыс-техникалық колледжі
№ 3 Арнайы мектебі
№ 2 Оңалту орталығы
Қатысушылардың байқауға белсенді қатысуын қамтамасыз еткен білім беру ұйымдарының басшыларына, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Балалар музыка мектептерінің, № 1 Өнер мектебінің басшыларына алғыс білдіреміз.