№ 46 мектеп-гимназия-балабақша кешенінің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сабағын өткізу дәстүрге айналды. Оқушылар белсенділік танытып, кәсіптік бағдар беру сабағына қызығушылықтары артуда.
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға құқықтық еңбек қатынастары туралы түсінікті және еңбек шартының тараптарын білу;
- кәмелетке толмағандарды еңбек құқықтары мен міндеттерімен таныстыру;
- кәсіподақтың еңбек қатынастарын реттеудегі рөлімен таныстыру;
- оқушылар арасында жұмысқа және кәсіподаққа деген оң көзқарасты қалыптастыру.
Болашақ ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру, қорғау секілді жұмыстар негізге алыну керек. Бұл мектеп оқушысы, жас түлек, студент әрі қарай жас маман атанатын әр балаға жан-жақты қолдау білдірумен тығыз байланысты. Ал оның тұлға болып қалыптасу үшін алдымен орнықты қызмет қажет. Осыған байланысты «Әділет» Кәсіподағы жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сабағын өткізуде.
Сабақ барысында Батыр Әлиев оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасын таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Сонымен қатар кәсіподақтың еңбек қатынастарын реттеудегі қызметін, кәсіподақ ұйымының жұмысына азаматтардың қатысуының маңыздылығын, оқушылардың азаматтық позициясын арттыру туралы айтты.
Жұмыс барысында жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі және құқығын қорғай алуы маңызды.
«Әділет» Кәсіподағы мектеп директоры Р. К. Каскабаеваға, директордың орынбасары М. П. Сералиеваға, сондай-ақ мектеп ұжымына сабақты ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс білдіреді.