Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жүйесінің қызметкерлері арасында өткізілген денсаулық спартакиадасы қорытындыланды.
Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Әділет» Кәсіподағы бірлесіп ұйымдастырды.
Спартакиадаға елорданың білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлер қатысты.
Спартакиаданың мақсаты – білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау; мұғалімдердің дене шынықтыру дайындығы деңгейін көтеру; педагогикалық қызметкерлер арасында қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу.
Спартакиада спорттың 6 түрінен өткізілді: волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шағын футбол.
Марапаттау рәсіміне «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев және «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нурлан Тяженов қатысты.
Өз сөзінде Батыр Әлиев жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтады. Жарысқа белсенді қатысқан білім қызметкерлеріне, ұйымдастырып, қатысуын қамтамасыз еткен кәсіподақ комитетінің төрағаларына, білім беру ұйымдарының басшыларына алғыс білдірді.
Жеңімпаздар кубоктар, грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығына алғыс білдіреміз.
Жарыс қорытындысы:
Шағын футбол:
І орын – № 60 мектеп-гимназиясы.
ІІ орын – № 24 мектеп-гимназиясы.
ІІІ орын – BINOM School «BINOM SARYARKA».
ІV орын – № 37 мектеп-гимназиясы.
Волейбол:
І орын – № 65 мектеп-гимназиясы.
ІІ орын – № 52 мектеп-гимназиясы.
ІІІ орын – BINOM School «BINOM SARYARKA».
ІV орын – № 74 мектеп-гимназиясы.
Жеңіл атлетика:
І орын – № 37 мектеп-гимназиясы.
ІІ орын – № 74 мектеп-гимназиясы.
ІІІ орын – № 83 мектеп-гимназиясы.
Үстел теннисі:
І орын – № 66 мектеп-лицейі.
ІІ орын – №69 мектеп-гимназиясы.
ІІІ орын – № 59 мектеп-лицейі.
ІV орын – № 54 мектеп-лицейі.
Тоғызқұмалақ:
І орын – № 83 мектеп-гимназиясы.
ІІ орын – № 69 мектеп-гимназиясы.
ІІІ орын – № 54 мектеп-лицейі.
ІV орын – № 60 мектеп-гимназиясы.