Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Отырысты «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Төралқа отырысында: № 10 «Бөбек» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы; «Әділет» Кәсіподағының активін оқыту жағдайы туралы; «Әділет» Кәсіподағының 2021 жылғы құқықтық қорғау жұмыстарының нәтижелері туралы; «Әділет» Кәсіподағы техникалық еңбек инспекциясының еңбекті қорғау бойынша қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі 2021 жылғы жұмысының қорытындысы туралы; «Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының нәтижелері туралы; Білім жүйесі қызметкерлерінің денсаулық спартакиадасының нәтижелері туралы; Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының «Ұлттық дәстүрлер / Родные традиции» шығармашылық көркемөнерпаздар байқауының нәтижесі туралы сұрақтар қарастырылды.
Отырыс барысында № 10 «Бөбек» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гульмира Ерназарова кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлескен іс-шаралар, материалдық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.
№ 10 «Бөбек» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының оң тәжірибесін барлық білім беру ұйымдарына тарату туралы шешім қабылданғанын атап өту қажет.
Іс-шара барысында Батыр Әлиев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын одан әрі күшейту жөнінде атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда екенін айтты.
Сонымен қатар, кәсіподақтың электрондық жүйесі бойынша жұмыстар атқарылып жатқан атап өтті. Қазіргі таңда барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарын электрондық жүйеге орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Отырыста Төралқа мүшелері сұрақтарын талқылады, сонымен қатар аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.