№ 1 арнайы мектеп-интернатының ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шараға «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев және мектеп директоры Ұлан Қуаныш қатысты.
Жиын барысында мектеп директоры ұжымды таныстырды. Ол мектептің қызметі, негізгі бағыттары, оқушылармен жұмысы туралы айтты.
Батыр Әлиев өз сөзінде «Әділет» Кәсіподағының атқарған жұмыстары, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау, ұжымдық шарт нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін, оның ішінде педагогтарды аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Әділет» Кәсіподағының Кеңес мүшесі Берік Айдарбеков екенін айта кету керек. Ол ұжымда құрметке ие. Қызметкерлердің мақсаттары мен мүдделерін нақты қоюды біледі. Ұйым қызметкерлерінің заңды құқықтарын қорғау, материалдық көмек көрсету бағытында белсенді жұмыс істейді. Ұжымдық шарттың орындалуын қадағалайды, мектеп әкімшілігімен бірлесіп шығармашылық шаралар өткізеді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.