«Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының Кеңес отырысы өтті.
Жиында Батыр Әлиев Кеңестің жаңа құрамымен таныстырды. Кеңес отырысы барысында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында Батыр Әлиев «Әділет» Кәсіподағымен атқарылып жатқан жұмыстар, ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне матриалдық көмек көрсету, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ ол «Әділет» кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға басты назар аударатынын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
5, 6, 7 қазанда бастауыш ұйым төрағаларымен семинар-кеңес өтеді. Айта кету керек, семинар барысында ұйымдастырушылық, құқықтық және басқа да мәселелер талқыланады.