Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Төралқа отырысында: № 11 «Гауhар» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы; № 2 мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы; Ақпараттық жұмысты жетілдіру және оның жағдайы; «Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының үздік бастауыш ұйымы» байқауын қорытындылау; Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасында 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімді жасасу және келіссөздер жүргізу үшін екіжақты комиссия құру туралы; Кәсіподақ активін марапаттау туралы сұрақтар талқыланды.
Отырыс барысында № 11 «Гауhар» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы УлжалгасКалауова және № 2 мектеп-гимназияныңбастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Маншук Батырханова кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлескен іс-шаралар, материалдық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар ұсынды.
Отырыста аталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысының оң тәжірибесін барлық білім беру ұйымдарына тарату туралы шешім қабылданғанын атап өту қажет.
Іс-шара барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын одан әрі күшейту жөнінде атап өттім. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда екенін талқыланды.
Отырыста Төралқа мүшелері сұрақтарды талқылап, аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.