«Қарты бар үйдің қазынасы бар», «қарттарым – асыл қазынам» демекші қарттар күнінде еліміздің барлық өңірінде қарттарымыздың өмір бойы істеген еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестері үшін оларға сый-құрмет көрсетіледі.
Осы тұрғыда Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы бірлесіп білім беру жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев білім саласындағы жаңалықтар және оны дамыту жолындағы жұмыстары туралы қысқаша ақпарат беріп, қарттардың ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді.
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев қарттардың өмірлік тәжірибелерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі деп ыстық лебізін білдірді.
Іс-шара Мұхтар Әуезов атындағы № 86 мектеп-гимназиясында өтті. Ардагерлер аталған мектептің жұмысымен, Мұхтар Әуезов атындағы музеймен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесу барысында ардагерлерге мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Барлық педагогикалық еңбек ардагерлері Білім басқармасы мен Кәсіподақ ұйымына, № 86 мектеп-гимназия ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Ардагерлерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!