Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының Кеңес отырысы өтті.
Іс-шараға білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасыТөлеген Кунадилов және Кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында білім беру қызметкерлері кәсіподағының 2022 ж. атқарылған жұмыстар туралы; Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Астана қаласының Кәсіподақтар орталығымен өзара ынтымақтастықты жақсарту туралы; Білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтар талқыланды.
Отырыс барысында Батыр Әлиев атқарылып жатқан жұмыстар, ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне матриалдық көмек көрсету, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.
Төлеген Кунадилов Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының білім беру қызметкерлерікәсіподағымен бірлесіп кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстардың атқарылып жатқандығын және бұл бағытта жұмыстар жалғасатындығын айтты.
Кеңес отырысы шеңберінде бастауыш кәсіподақ ұйым төрағалары ҚР Кәсіподақтар федерациясының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Кәсіподақ активін марапаттарымен құттықтаймыз.