16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ел еркіндігі, еліміздің баға жетпес байлығы. Еліміз тәуелсіздік алғалы тұрақты саясат пен халқымыздың бірлігінің, қажырлы еңбегінің арқасында дамыған елдердің қатарында еңсесі биік мемлекетке айналдық.
Мемлекет басшысы ұстаз мәртебесін көтеру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Сонымен қатар еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі керектігін айтқан болатын.
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экнономикалық жағдайын жақсартумен қатар, олардың құқықтық мүдделерін қорғау бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өту қажет.
Ендігі кезекте ата-бабамыз аңсап, қол жеткізген тәуелсіздігімізді қастерлеу, азаттықты аялау, халқымыздың татулығы мен бірлігін сақтау біздің басты міндетіміз.
Баршаңызды еліміз үшін тарихи маңызы зор мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз!