Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Төралқа отырысында: № 5 гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы; № 1 Балалар музыка мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы; Кәсіподақ ұйымының қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің 2022 жылғы жазғы уақытта демалысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысының қорытындысы туралы; Әлеуметтік әріптестік туралы келісімді іске асырудың жағдайы туралы; Мұғалімдер күні мен Еңбек күніне арналған іс-шаралардың қорытындысы туралы; Астана қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподағының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы сұрақтар қарастырылды.
Отырыс барысында № 5 гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнагуль Аубакирова және № 1 Балалар музыка мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанар Жапарова ұйымда атқарылған жұмыстармен, оның ішінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстармен таныстырып, озық тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында Батыр Әлиев кәсіподақ комитетінің төрағаларының жұмысына жоғары баға беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Мұғалімдер күні мен Еңбек күніне арналған іс-шаралар жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ «Астана қаласының үздік жас педагогы» байқауына ерекше тоқталды.
Отырыста Төралқа мүшелері ағымдағы жылды қорытындылап, 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады, сонымен қатар аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Іс-шара соңында Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледждің кәсіподақ төрайымы, ревизиялық комиссияның төрайымы Лада Макаренко ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы» үшін медалімен марапатталды.