Бүгін № 27 мектеп-лицейінің ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шараға Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев қатысты.
Батыр Әлиев өз сөзінде Кәсіподақтың атқарған жұмыстары, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау, ұжымдық шарт нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар Білім басқармасымен бірлескен 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңа аймақтық келісімшарт және оның нормалары туралы толығырақ айтты.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.