Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев Педагогикалық колледж ұжымымен кездесу өткізді.
Колледждің педагогикалық кеңесі шеңберінде Батыр Әлиев 2023-2025 жылдарға арналған Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық келісім туралы ақпараттандырды.
Келісім - Кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылғанын атап өту қажет.
Сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.