Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы мен Астана қаласының Білім басқармасының бірлесе отырып «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын тәжірибеде қолдану» тақырыбында Астана қаласының орта білім беру ұйымдарының іс қағаз жүргізушілеріне арналған онлайн-семинар өтті.
Семинар басында Астана қаласы Білім басқармасының кадрлар бөлімінің басшысы Э.Д. Джакенова және Астана қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Б. А. Әлиев қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, осы семинардың күнделікті жұмысында қолдану үшін маңыздылығын түсіндірді.
Батыр Әлиев 2023-2025 жылдарға жасалған Астана қаласының білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Өңірлік келісімді, кәсіподақ мүшелеріне қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер, еңбек шарттары мен жұмыс берушінің актілерін ресімдеу, келісу комиссиясы туралы ереже, Ішкі еңбек тәртібі ережесі, кәсіподақтың еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау және тағы да басқа еңбек қатынастарында кездесетін өзекті мәселелер туралы ақпараттарды ұсынды.
Семинар барысында кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі бас мамандары Айтас Дүйсембаев пен Динара Ақбалина білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасу туралы айтып берді. Педагогті жұмысқа қабылдаумен, кадрлық іс жүргізумен, іс жүргізу мен мұрағат ісінің нормативтік құқықтық базасымен, құжаттандыру тәртібімен байланысты мәселелерді белсенді талқылады.
Семинар барысында кәсіподақтың құқықтық мәселелер жөніндегі бас мамандары Айтас Дюсембаев және Динара Токбалина білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен еңбек шартын жасау туралы баяндады. Педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде кадрлық құжаттарды ресімдеу ерекшеліктері, кадрлық іс жүргізу, құжаттау тәртібі, іс жүргізу мен мұрағаттық істердің нормативтік құқықтық негіздеріне қатысты ақпараттар қызу талқыланды.
Сонымен қатар еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілері және т.б. талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
Осындай семинарлар басқа да білім беру ұйымдарының іс жүргізушілері үшін жоспарда бар.