Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев №91 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша Кәсіподақпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Батыр Әлиев Астана қаласының Білімбасқармасымен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімді таныстырды.
Келісім – кәсіподақ мүшелері болып табылатын Астана қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылғанын атап өту қажет.
Кездесуді ұйымдастырған мектеп директоры Алмагүл Сегізбай мен Кәсіподақтың бастауыш ұйымының төрағасы Айсанова Айнагүлге алғыс білдіреміз.