Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы кәсіподақ мүшелері болып табылатын орта білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелерінеарнап онлайн-семинар өткізді.
Өздеріңізге белгілі, ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 26-тармақшасына сәйкес ҚР Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жұмыс беруші келісу комиссиясын құруға міндетті.
Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы: тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады және кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің бірдей санынан құрылады.Қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, келісімдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен қатысты мәселелерді қарайды.
Бұдан бөлек, ҚР Еңбек кодексінің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларын оңтайлы шешуге қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Қайрат Садықов құттықтау сөзінде семинарға қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, осы семинардың маңыздылығын еске салды.
Кәсіподақ заңгерлері Динара Токбалина мен Айтас Дюсембаев семинарға қатысушыларға келісім комиссиясының жұмысы, оның функциялары, еңбек қатынастары, еңбек даулары және басқа да өзекті мәселелер туралы толық ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында өтті. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Семинарға қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталады.
Алдағы уақытта жоспарға сай осындай семинарлар мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдарының келісім комиссияларының мүшелерінеарнап тағыөткізілетін болады.