Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы кәсіподақ мүшелері болып табылатын мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелерінеарнап кезекті онлайн-семинар өткізді.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Қайрат Садықов семинарды ашты. Өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, осы семинардың маңыздылығын еске салды.
Кәсіподақ заңгерлері Динара Токбалина мен Айтас Дюсембаев семинарға қатысушыларға келісім комиссиясының жұмысы, оның функциялары, еңбек қатынастары, еңбек даулары және басқа да өзекті мәселелер туралы толық ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында өтті. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Семинарға қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталады.
Алдағы уақытта жоспарға сай осындай семинарлар білім беру ұйымдарының келісім комиссияларының мүшелерінеарнап тағыөткізілетін болады.