Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы кәсіподақ мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелерінеарнап кезекті онлайн-семинар өткізді.
Кәсіподақ заңгерлері Динара Токбалина мен Айтас Дюсембаев семинарға қатысушыларға келісім комиссиясының жұмысы, оның функциялары, еңбек қатынастары, еңбек даулары және басқа да өзекті мәселелер туралы толық ақпарат берді.
Сондай-ақ, бұл оқыту семинары кәсіподақ мүшелеріне жыл сайын өз өкілеттіліктерін сертификатпен растау үшін тегін негізде өткізіліп тұратындығын хабарлады.
Іс-шара еркін диалог форматында өтті. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Семинарға қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталады.