Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларына арналған семинар өтті.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев семинарға қатысушыларды білім беру ұйымдарында ұжымдық шарт нормаларын іс жүзінде қолдану туралы түсіндірді. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. Семинар соңында кәсіподақ белсенділері марапатталды.