30 маусымда Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Отырысты кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Төралқа отырысында: Астана қаласында өткен білім беру қызметкерлерінің Кәсіподақтарының Халықаралық Конференциясының қорытындысы туралы; №71 мектеп-лицейінің бастауыш Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы; №32 «Алтын бесік» балабақшасының бастауыш Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы; Кәсіподақ активін оқытудың жай-күйі туралы; Кәсіподақтың 2022 жылғы құқық қорғау жұмысының қорытындылары туралы; Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырудың тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі Кәсіподақтың міндеттері мен 2022 жылғы ұжымдық шарттар жасасу науқанының қорытындылары туралы; Кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық еңбек инспекциясының 2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы; «Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» конкурсының қорытындысы туралы; 2022-2023 жылдардағы жыл сайынғы мұғалімдер арасында өткен Спартакиаданың қорытындысы туралы сұрақтар талқыланды.
Отырыс барысында №71 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының және №32 «Алтын бесік» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлескен іс-шаралар, материалдық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттары қаралды. Отырыста аталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысының оң тәжірибесін барлық білім беру ұйымдарына тарату туралы шешім қабылданғанын атап өту қажет.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын және Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту қажет екендігі атап өтілді.
Отырыста Төралқа мүшелері сұрақтарды талқылап, аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.