Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының іс жүргізушілеріне арналған семинар өтті.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев семинарға қатысушыларды білім беру саласында Еңбек Кодексі мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын тәжірибелік қолдану туралы баяндады.
Сонымен қатар, Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.
Кәсіподақ заңгерлері Динара Тоқбалина мен Айтас Дүйсембаев кездесуге қатысушыларға жұмыс берушінің актілерін жүргізу тәртібі және білім беру ұйымдарындағы келісім комиссиясының жұмысы, мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы түсіндірді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Семинар соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.