27 қыркүйекте Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Отырысты кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Төралқа отырысында:
Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Кәсіподақтың Астана қаласының Кәсіподақ орталығымен өзара іс-қимылын жетілдіру туралы;
№ 6 мектеп-гимназияның бастауыш Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы;
№7 «Аққу» балабақшасының бастауыш Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы;
Кәсіподақтың ақпараттық жұмысын жетілдіру шаралары мен жағдайы туралы;
«Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының Үздік бастауыш ұйымы» конкурсының қорытындысын шығару;
Жас педагогтардың кәсіби шеберліктерінің Халықаралық «Тілдес! Жаса! Қолдан!» фестивалін қорытындылау туралы сұрақтар талқыланды.
Төралқа отырысына Астана қаласының аумақтық Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлеген Кунадилов қатысып, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағымен өзара іс-қимыл туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, №6 гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының және №7 «Аққу» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлескен іс-шаралар, материалдық көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттары қаралды. Отырыста аталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысының оң тәжірибесін барлық білім беру ұйымдарына тарату туралы шешім қабылданғанын атап өту қажет.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын және Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту қажет екендігі атап өтілді.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының Үздік бастауыш ұйымы анықталды.
Отырыста Төралқа мүшелері сұрақтарды талқылап, аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Жиналыс соңында Кәсіподақ белсенділеріне марапат табысталды.