Құрметті әріптестер, Кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Кәсіподақ ардагерлері және Кәсіподақ қозғалысының белсенділері мен мүшелері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз!
Кәсіподақ - өз мүшелерінің құқықтары мен олардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғайтын ұйым.
Кәсіподақ төрағалары күш-жігерін жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мен лайықты еңбекақы төленуін қамтамасыз етіп жүрген белсенді тұлғалар.
Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп педагог мәртебесін арттыру, еңбек заңнамасының сақталуы, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, жас педагогтарға қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Мерекемен құттықтай отырып дендеріңіз саулық, қызметтеріңізге табыс және өркендеу тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Кәсіподақ төрағасы Батыр Алиев