Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев Білім қызметкерлерінің Қазақстандық оқу-ағарту , ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы Білім кәсіподағы - Профсоюз Образования мен Түркия Республикасынан келген «Eğitim-Bir-Sen» білім Кәсіподағы өкілдерімен бірге Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің және Астана қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Кәсіподақ жұмысы туралы сөз қозғалды. Қазақстандағы педагог мамандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында Кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Сонымен қатар, Кәсіподақ өкілдері ғимараттарды аралап, жұмысымен танысты.
Кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Құралай Байтажиковаға және Астана қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының директоры Гүлзия Исеноваға
алғысымызды білдіреміз!