Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңестің кеңейтілген отырысына Кәсіподақ Кеңесі мен Төралқасының мүшелері қатысты.
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев отырысты ашып, күн тәртібін ұсынды.
Күн тәртібінде қаралды:
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы;
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағында есеп беру және сайлау өткізу туралы.
Кәсіподақ Кеңесі төраға Б.Әлиевтің Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы ақпаратын тыңдап, талқылады. Кеңес Кәсіподақтың жарғылық міндеттері мен мақсаттарын орындау, Кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысына оң баға берді.
Сондай-ақ, Кеңес Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағында есеп беру және сайлау өткізу туралы мәселені қарады.
Кеңес соңында Кәсіподақ белсенділері марапатталды.