ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ДОСТАР!
Сіздерді Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы атынан және жеке өз атымнан келіп жеткен Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйласын.
Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, елімізде бейбітшілік пен келісім болсын!
Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілеймін. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
Ізгі тілекпен,
Кәсіподақ төрағасы Батыр Алиев