Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев № 96 мектеп-гимназия ұжымымен кездесті.
Кездесуге қатысушыларды Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісіммен таныстырды және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Батыр Алиев педагогтер еңбек демалысында шыққанда сауықтыру жәрдемақысы нақты жүктемеге сай төленетіндігі, біліктілігін арттыру курсынан өткен кезде жалақысы жүктемесіне сай толық көлемде сақталатындығы, педагогтердің жұмыс уақыты туралы түсіндірді.
Кездесу соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.