Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы жұмыс жоспарына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған онлайн семинар өткізді.
Семинар жұмысын Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы БатырАлиев жүргізді.
Семинарға Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Батыр Әлиев Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Семинар барысында Кәсіподақ қызметкерлерді еңбек қатынастары саласында әлеуметтік қорғауды қалай жүзеге асырытынын нақты мысалдармен талқылады. Сондай-ақ, арнайы білім беру ұйымдарының жұмыс режимін, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу, арнайы педагогтердің біліктілігін арттыру тәртібін түсіндірді.
Семинар соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.