Құрметті әріптестер!
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бірбіріне деген достығы мен бірлігінің жарқын мерекесі.
Осы атаулы мерекені пайдалана отырып Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы атынан және өзатымнан білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша кәсіподақ мүшелеріне, ұстаздар қауымына, ардагерлерімізге және кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлестерін қосып жүрген барша астаналықтарға зор алғысымды білдіремін!
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!
Қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрқашан нұрлана берсін!