Құрметті әріптестер – аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.
Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуына нәзік жандылардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі қашанда өлшеусіз!
Сіздерге осы мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, бірлік пен тыныштық тілеймін.
Көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. Гүлдей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер!
Ізгі тілекпен,
Кәсіподақ төрағасы Батыр Алиев