Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Отырысты кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Төралқа отырысында: 2023 жылғы Кәсіподақ мүшелігі және Кәсіподақ органдары туралы статистикалық есептіліктің қорытындылары туралы; Кәсіподақтағы цифрландыру туралы; Кәсіподақ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі комиссияның құрамы туралы сұрақтар талқыланды.
Іс-шара барысында Батыр Әлиев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын одан әрі күшейту жөнінде атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда екенін айтты.
Отырыста Төралқа мүшелері сұрақтарды талқылап, аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.