Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына байланысты кез келген өзекті мәселеге ерекше назар аудара отырып, жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.
2024 жылы «Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері» басты тақырып болды. Ауа-райының өзгеруі еңбек саласына, әсіресе жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Бұл күні еңбекті қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер, конференциялар өтеді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына арналған жыл сайынғы конкурстың қорытындысы шығарылды.
Конкурс қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Өткізілген конкурс еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруда, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларына қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауында, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылықты төмендетуде, техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіруде және ынталандыруда үлкен оң рөл атқарады.