Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы елорданың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына семинар-кеңес өткізді.
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев кездесуге қатысушыларды ағымдағы жылдың 14-15 мамырында өткен Кәсіподақтың есеп беру-сайлау Конференциясы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Есепті кезеңдегі Кәсіподақ жұмысының қорытындылары мен қабылданған құжаттар туралы айтып берді.
Семинарға қатысушылар Кәсіподақтың VI есептік-сайлау Конференциясында қабылданған «Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіптік одағы» ҚБ қызметінің 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын талқылады. Алдағы уақытқа Кәсіподақ активінің алдына нақты міндеттер қойылды. Талқылау қорытындысы бойынша Б.Әлиев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына кәсіподақ мүшелеріне бағдарламалық құжатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Іс-шара еркін диалог форматында өтті. Қызметкерлер өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Семинар-кеңестің соңында ерекше көзге түскен Кәсіподақ белсенділерін марапатталды.