6 желтоқсанда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде, Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ «Жастар жылы» қорытындылау үшін білім беру ұйымдарының ардагерлерімен «Әділет» Кәсіподағының Жастар кеңесінің мүшелері болып табылатын елорданың жас педагогтармен кездесу өтті.
«Әділет» Кәсіподағы бұл кездесуді Нұр-Сұлтан қаласының Білім Басқармасымен бірлесе ұйымдастырды.
Кездесуге педагогикалық еңбек ардагерлерінен О. Сүйіндіков - Гуманитарлық колледждің бұрынғы директоры, А.С. Балташева. - № 62 мектеп-лицейдің орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі, білім бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары, К. Насев - білім бөлімінің бұрынғы маманы, Нагимтаев А. - экономика және стандарттау колледжінің бұрынғы директоры, Шишов. Г.Г. - Байланыс колледжінің бұрынғы директоры.
Кездесу барысында ардагерлер білім беру жүйесіндегі көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті, еңбекке байланысты әңгімелер айтып берді, жас мұғалімдерге нұсқаулар берді, олар өз кезегінде ардагерлерді қызығушылықпен тыңдады және көптеген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.
Кездесу жылы, достық жағдайда өтті.
«Әділет» Кәсіподағы мұражай басшылары мен қызметкерлеріне жиналыс өткізуге және экскурсияға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.