12 желтоқсанда «Әділет» Кәсіподақ ұйымы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған жеке меншік менеджмент және бизнес колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.
Менеджмент және бизнес колледжі – бұл жас, болашағы зор, заманауи оқу орны.
«Әділет» Кәсіподағының өкілдері колледждегі жұмыс жағдайымен, студенттердің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында «Әділет» Кәсіподағының өтініші бойынша «Еңбек ардагері» төс белгісін колледж директоры Пшенова Балқия Асығатқызына ұсынды.
Б. А. Пшенова кәсіподақ қозғалысының дамуына, бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға үлкен үлес қосты. Колледждің жеке меншік нысанына қарамастан, ұйымның барлық қызметкерлері кәсіподақ мүшесі болып табылады және кәсіподақтың жұмысына жоғары баға береді.
«Әділет» Кәсіподақ ұйымы мен колледж басшылары одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Келесі жылы «Әділет» Кәсіподағы мен Колледждің имиджін жақсартатын бірқатар бірлескен жобалар жоспарланды.