Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім мәртебесі туралы заңға қол қойды.
Осы Заң мұғалімнің мәртебесін көтеруге, оның абыройы мен қадір-қасиетін бірқатар кепілдемелер, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктер, білім беру саласындағы еңбек жағдайларын жақсарту және ерекше құқықтық режимді қамтамасыз ету арқылы қорғауға бағытталған.
«Әділет» Кәсіподағы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының мүшесі бола отырып, қоғамдағы мұғалімнің ерекше мәртебесін нығайтуға және педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін жағдай жасауға ұмтылып, осы заңды әзірлеуге белсенді қатысты.