16 қаңтарда Жас ұстаз орталығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е.С. Иманбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Б. Ә. Әлиев Орталықта тұратын елордалық педагогтармен кездесу өткізді.
Орталық жас педагогтарды қабылдауға арналған, ол тек тұру орны ғана емес, сонымен қатар диалог алаңы болып табылады. Жас мамандар педагогикалық қызметтерді жүзеге асыруда алған әсерлерімен бөліседі.
Кездесу барысында Е.С. Иманбаев салалық кәсіподақтың жұмысы туралы, сондай-ақ оның жанындағы Жастар кеңесі туралы толық ақпарат берді. Жастармен жұмыс – бұл кәсіподақтың басты бағыттарының бірі. Жыл сайын салалық одақ жас мұғалімдерге арналған бірқатар іс-шараларды өткізеді.
Әлиев Б. Ә. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жаңа талаптарын түсіндірді. Заңда жас оқытушыларға қатысты тәлімгерлік, жалақыны көтеру, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, еңбек демалысының ұзақтығы, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесіне ақы төлеу және т.б. қатысты ережелер ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің кейбір баптары қозғалды.
Барлық қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Орталықта әртүрлі білім беру ұйымдарының педагогтары тұрады. Осылайша, мәселелерді талқылау және заңды түсіндіру кезінде кәсіподақ өкілдері көптеген оқу орындарындағы педагогтарды қамтыды.