Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы төралқасының отырысы өтті. Төралқа отырысын Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев басқарды.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағындағы мен кәсіподақ органдарының 2019 жылға арналған статистикалық есептілік нәтижелері туралы;
- «Әділет» Кәсіподағының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
- «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ мен «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік туралы келісім жобасы туралы;
- Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы салалық комиссия туралы Ереженің жобасы туралы;
- «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ мен «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік туралы келіссөздер жүргізу және жасасу үшін екіжақты комиссия құру туралы;
- «Әділет» кәсіподағының мүшелеріне жипажайға емделуге арналған жеңілдік жолдамаларын алу, есепке алу, тарату және беру тәртібі мен шарттары туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- «Әділет» кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық (материалдық) көмек көрсету туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- «Әділет» кәсіподақ ұйымының 2020 жылға арналған номенклатурасы туралы;
- «Әділет» кәсіподақының есеп саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- 2019 жылға арналған кәсіподақ бюджетінің кірістері мен шығыстарының сметасын және 2020 жылға арналған кірістер мен шығыстардың сметасын бекіту туралы, «Әділет» кәсіподақ ұйымының штаттық тізімін бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Төралқаның материалдарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://profadilet.kz/ru/article/show/11/88