Ашықтықты қамтамасыз ету және құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы аясында № 74 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен онлайн кездесу өтті.
Кездесуге «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, мектеп директоры Жеңіскүл Нүсіпжан және мектеп ұжымы қатысты.
Іс-шара барысында еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілері талқыланды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы қызықтырған сұрақтарына жауап алып, алғыстарын білдірді. Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді.