16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы №61 орта мектепте мұғалімдер арасында Денсаулық күніне арналған «Спорт-менің өмірім!» атты спорттық сайыс өткізілді.
Сайысты өткізу мақсаты- мұғалімдерді салауатты өмір салтына баулу, денсаулығын нығайта отырып, сергек жүруге дағдыландыру болатын. Сайысты ұйымдастырушылар мектептің дене шынықтыру пәні бірлестігінің мұғалімдері және тәрбие ісінің меңгерушісі Руслан Ақтайлақұлы болды. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларына Нұр-Сұлтан қаласы білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымынан Грамоталар беріліп, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ишпанова Индира Мырзахметовнаның ұйымдастыруымен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сайыс бірнеше спорттың түрінен өтті. Атап айтқанда, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бес тас, асық ойындары және «Көңілді эстафеталық сайыс». Сайыстың әр түрінен мектептің мұғалімдері төрелік етті. Сайыс нәтижесінде спорттың әр түрінен қатысқан қатысушыларға 1-2-3-орындар және белсенді қатысқан ұстаздарға да мектеп әкімшілігі атынан мақтау қағаздары берілді.
Сайыстың әр түріне мұғалімдер аса қызығушылықпен қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер бұл сенбі күнді көңілді өткізіп тарқасты.