Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев № 73 мектеп-лицей ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Батыр Әлиев кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Астана қаласының Білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімді таныстырды.
Келісім – кәсіподақ мүшелері болып табылатын Астана қаласының білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен салыстырғанда қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеу мақсатында қол қойылғанын атап өту қажет.
Сондай-ақ, Б. Алиев Ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек туралы хабардар етті.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.