Астана қаласының «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінде наурыздың 17-нде «Қош келдің,Наурыз 2023» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Кәсіподақ комитетінің бастауымен осы мерекені оқытушылар мен қызметкерлер үлкен жауапкершілік танытып,дайындалды. Ұжымды 5 ауылға бөліп, салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында сахналауын,ұлттық киімдер сайысын,киіз үйдің безендіруін, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырдық.
Мерекелік шараның құрметті қонақтары да шақырылды. Олар - колледж ардагерлері. Колледждің қалыптасуына еңбегін сіңірген ардагерлер - Абишева Р.Е, Жусупова Б.Ж, Байдильдин С.М, Елюбаева Г.К, Калашникова Н.Т., Омарова Г.С, Аскарова М.А.
Колледж ардагерлері жастарға ақыл-кеңестерін айтып, ән шырқап,ризашылығын білдірді.
«Бірлік» ауылы «Тұсау кесу» дәстүрін сахналап, Гран при иеленді. Ал «Тамды» ауылы қазақтың керемет «Бастаңғы» деген салт-дәстүрін сахналады. Киіз үй безендіру номитнациясы бойынша «Сәулетті ауылы» жеңіп алды.
1 наурыздан бастап,колледжде Қазақтың ұлттық киімін киіп,ұлтымыздың мәдениетін насихаттау мақсатында сайыс жарияланған еді. Осы сайыстың жеңімпаздары Бейсембаев Бауыржан Жексембаевич, Измуханова Гүлбану бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мереке барысында ән айтылып, салт-дәстүрімізді еске алып,сахналап, көңілімізді көтеріп,ұжымның ауызбіршілігін нығайттық деп сенеміз.
Наурыз мейрамы құтты болсын. Ақ мол болсын, еліміздің берекесі арта берсін!