6 қаңтарда білім беру жүйесінің қызметкерлері арасында жыл сайынғы денсаулық Спартакиадасы басталды, ол 5 спорт түрінен: шаңғымен сырғанау, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ және «Туған жер - 2020» туристік жинауында өтеді.
Спартакиаданың мақсаттары:
- білім беру жүйесі қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін дене шынықтыру мен спортты енгізу;
- білім беру қызметкерлерінің дене дайындығының деңгейін жоғарлату;
- білім беру жүйесінің жұмысшылырының арасындағы достық қатынасты нығайту;
- үздік командаларды анықтау, астананың оқу орындары арасында тәжірибе алмасу.
Спартакиаданың ұйымдастырушылары - «Әділет» Кәсіподағы, Нұр-Сұлтан қаласының білім Басқармасы, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы, Балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығы.
Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау мамыр айында жоспарланған.
Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының жаңалықтары
Білім беру жүйесі қызметкерлерінің арасында денсаулық Cпартакиадасы басталды
6 қаңтар 2020